Ресми статистика бойынша бүгінде Шымкент тұрғындарының саны 878 мың адамды құрайды. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мәлімет бойынша қалада тіркелгендердің саны 1 млн 92 мыңға жеткен.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді. Оңтүстіктің кәсіпкерлерімен кездескен әкім осылайша Шымшаһардың мегақалаға айналатынын айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: «Шымкент қаласының бас жоспарына қарасақ, 2030 жылы жоспарға сәйкес Шымкентте 1 млн 700 мың, 2050 жылы 2,5 млн тұрғын болуы керек. Қаламыз өте үлкен мегаполиске айналайын деп тұр. Астанаға Елордамыз болған соң, Алматыға бұрынғы астанамыз болған соң бюджеттен көп ақша бөлінеді. Елбасы біздің Шымкентке де бюджет жағынан жәрдемін береді. Бірақ, ең басты табыс – ол біздің қаламыздың табысы. Қала табысын арттыруда кәсіпкерлердің үлесі мол. Отандық жергілікті кәсіпкерлеріміздің қала экономикасында елеуле орынға ие болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, инвесторлардың да келуін қуана-қуана құптаймыз.»