Биыл ақын С.Есениннің туғанына – 120 жыл. Осыған орай шаһарымыздағы А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Есенин оқулары» өтті.

Кітапхана

Диана Бай
Диана Бай

Диана Бай – №20 мектеп-гимназияның оқушысы. 3 жылдан бері ән-күй үйірмесінде білімін жетілдіріп жүр. Шәкірт көптің алдында қымсынған жоқ, сазды аспаптың сүйемелдеуімен ақын Сергей Есениннің өлеңін еркін орындады. Диананың айтуынша, қаламгердің шығармасын шырқау әнге деген құштарлықты ғана көрсетпейді, үлкен жауапкершілікі жүктейді.

Диана Бай, №20 мектеп-гимназияның оқушысы: «Әнді жүрегіммен сезініп айттым. Сондықтан болса керек, тыңдармандар құлақ қойып тыңдады. Қуаныштымын, менің мұндағы мақсатым әнді айту ғана емес, оның мағынасын өзгелерге түсіндіру еді. Менің ойымша, Сергей Есенниннің шығармаларының ерекшелігі сол – шындық пен қоғамдағы тылсчым дүниелерді шебер жазады».

Кітапхана

«Есенин оқулары» бұл жолы қаламгердің 120 жылдығына құрметіне қолға алынған. Жас толқын айтулы шарада ақынның шығармаларын насихаттауды парыз санады.  Ал жастардың өнерін, Есенин жырларына деген құштарлық-құрметін аға буын бағалап отырды. Қуантарлығы – кәсіби мамандар оқушылардың ақын шығармашылығына деген ынтасы жоғары екенін жасырған жоқ.

Александр Коротков, орыс халық аспаптар ансамблінің жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі: «Әрине қаламгердің өмірден өткен кезі де біз үшін ауыр суреттермен есте қалды. Дегенмен ақынның жырлары мәңгі жасайды. Оның дәлелі – бүгінгі жастар. Менің байқағаным – оқушылар Сергей Есениннің еңбектерін түсіне, соны сезіне оқиды, айтады. Сондықтан, барша шәкірттерге жоғары ұпай қоюымыз қажет».

С.Есениннің 120 жылдығы құрметіне өткен сайыста қазылар алқасы үміткерлердің өнерін саралап, жеңімпаз ретінде барша қатысушыларды мапаттады. Төрешілер тарапы «Есенин оқуларын» достық ұранымен тәмамдады. Мұндағы мақсат – жырқұмар жастардың үмітін сөндірмеу деп түсіндірді олар.