«Тойота Моторс» компаниясы Шымкентте жол талғамайтын жаңа Тойота Фортунер көлігін таныстырды. Салтанатты шараға көлік десе ішкен асын жерге қоятын жерлестеріміз отбасымен жиналды. Ересектер мамандардан несиелендіру жолдарын сұрастырып жатқанда балалар да уақытта бос өткізбепті. Олар арнайы ойын-сауық бағдарламасын тамашалады.
Ұйымдастырушылар тест-драйвқа жол талғамайтын 5 көлікті дайындапты. Отандық джипті ең алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының әкімі сынап көрді. Қала әкімімен бірге «Тойота Моторс Қазақстан» компаниясының президенті жолға шықты. Тойота кедергілерден еш қиындықсыз өтті. Көлемі 2,7 литрлік мотормен жүретін көлік ешқандай жол талғамайды.
Ұйымдастырушылар көлікті тізгіндеу үшін кезекте тұрған жүргізушілердің де көңілін тапты. Балалар бұл уақытта тәтті дәмнен ауыз тисе, ересектерге арнайы түстік әзірленіпті. Осылайша жаңа көлікті сынақтан өткізу шарасы табиғат аясындағы отбасылық демалысқа айналды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8zDmuipzG8o[/youtube]
Қазақстанда құрастырылған Тойота Фортунер жергілікті климаттық ерекшеліктерге бейімделген. Айта өтейік, несие рәсімдеуде клиент алғашқы жылы пайыздық төлемнен босатылады. Жалпы, отандық джипті сатып алу шарттарын мына телефондар арқылы білуге болады:
8 725 2555 333, 8 701 959 86 72
555 333, 8 701 959 86 72