Шымкентте жаңа жер үсті өткелі салынады

337
Жер үсті өткелі

Шымкентте жаңа жер үсті өткелі салынады. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылбек Баймұрзаев мәлімдеді. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа өткел Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысында болады.

Жер үсті өткелі

– 2014 жылы Шымкент қаласында жалпы үш өткел пайдалануға берілді,-дейді жауапты маман. — Атап айтқанда, дендросаябақ пен «Көмешбұлақ» базарының маңында жер асты, ал 18-шағынауданда жер үсті өткелі ашылды. Биыл Темірлантас жолы мен Мангелдин көшесінің қиылысында жаңа өткел салынуда. Заманауи үлгіде салынып жатқан бұл нысан келесі жылы қолданысқа беріледі. Мұнда арнайы көтергіш қондырғылар орнатылатын болады.

Жер үсті өткелі

Әкімдік өкілінің айтуынша, 18-шағынаудандағы жер үсті өткеліне биыл мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттар үшін арнайы жеделсаты орнатылмақ.

– Тұрғындардың шағымы бойынша таяуда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аталған нысанға барып, жағдаймен танысып қайтты. Енді құрылысты жүргізген «ЛюксСтройСити» ЖШС осында қосымша эскалатор орнатуды өз жауапкершілігіне алды. Ол жоспар бойынша 2015 жылдың қараша айында тапсырылуы тиіс, – деді жауапты маман.

С. Тастанбек, «Шымкент келбеті»

Фото — Д. Қожабек