Шымкенттің тұрғындары түн ішінде қауіпсіз жерге шығарылды

378
Антитеррорлық операция

30 қазан күні кешкі уақытта Шымкентте Мангельдин көшесіндегі №36 үйдің тұрғындары абыр-сабыр күйге түсті. Құқық қорғаушылар халықты қауіпсіз жерге шығаруда. Осы үйде жарылғыш зат қойылған деген суыт хабар түсті дейді тұрғындар.

Антитеррорлық операция

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, антитеррорлық орталықтың мамандары мен құтқаушылар, апатты медицина орталығының қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері жиналды.

Арнайы қызметтің сарбаздары да осында жүр. Оқиға шамамен 19:30-дар шамасында басталған. Арнайы үйретілген иісшіл итпен келген кинологтар қауіпті затты іздеуге кірісті. Ал жол-патрульдік полициясының инспекторлары көшеде көлік тығыны болмас үшін қозғалысты реттеді.

 

Сағат түнгі 21:20 шамасында қоршау алынып тасталды. Әзірге төтенше жағдай немесе оқыс оқиға туралы ресми мәлімет айтылған жоқ.

[youtube]https://youtu.be/5guzp0Ku4N4[/youtube]