Түлкібаста екі көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

355
64 пәтерлі үйдің құрылысы

Түлеп, түрленген Түлкібаста 1050 отбасы пәтер кезегінде тұрады. Оның тең жартысы тұрғын үйге мұқтаж. Әсіресе, көпбалалы жанұялар тізімге көптеп ілінген. Осыны ескерген жергілікті билік, мемлекеттік бағдарлама аясында алты көпқабатты үй салуды қолға алған. Биыл оның екеуінің құрылысы басталыпты.

64 пәтерлі үйдің құрылысы
64 пәтерлі үйдің құрылысы

Бұл «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан  тұрғын үй. Төрт қабаттан тұратын 64 пәтерлі үйдің құрылысын «Тамирлан констракшн» компаниясы жүргізіп жатыр. Мұнда 75 жұмысшы жұмылдырылған. Бас мердігер компания отандық құрылыс материалдарын қолдануды жөн санапты. Бүгінгі таңда бір қабаты тұрғызылып біткен. Осы қарқын жалғасын тапса, келесі жылы түлкібастық жерлестерінің баспанасын уақытында бітіріп береміз, деп отыр.

Мұрат Жойбарханов, құрылысты жүргізуші:«Өндірістік кестеден қалған жоқпыз. Күнделікті қажетті құрылыс материалдары келіп тұр. Осы қарқынмен жүрсек, жоспарлы уақытта жұмысымызды аяқтап, үйді тапсырамыз».

Айта өтейік, Түлкібаста 1050 отбасы пәтер кезегінде тұрады. Оларды баспанамен қамту үшін алты бірдей көпқабатты үй салынып жатыр. Биыл 32 және 64 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысан өтпелі болғандықтан қаражттың тең жартысы ғана бөлінген. Ал оның жалпы соммасы 457 млн. теңгені құраған.

Шолпан Елдос, Түлкібас аудандық әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы: «Мұнда барлық инфрақұрылым тартылған. Ол үшін арнайы жоба жасалып, қаржы қаралған. Енді міне, жұмыс бітті. Яғни, жаңа шағынаудан тұрғындары судан, жарықтан, көгілдір отын мен канализациядан қиындық көрмейді»

Өндірістік кестеден кешікпей, құрылысын қарқынды түрде жүргізіп жатқан жұмысшылар үйдің әрбір кесегін мұқияттылықпен өруде. Осылайша, сапалы әрі сәнді тұрғызылған баспанаға кіретін жерлестерін қуантпақ.