Түркістан тұрғыны қызғаныштан әйелі мен екі бауырын және қызын атып өлтірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі журналистермен өткен брифингте хабарлады. Оқиға 10 қазан күні Түркістанда болған.
Оқиға орнынан полицейлер заттай айғақтарды тәркіледі. Оның ішінде 9 миллиметрлі Streamer маркалы травмат қаруы, үш гильза, екі оқ пен спорт гантелі және электрошокер бар.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталыпты.