Алаяқтар Шымкент әкімінің атын жамылып, хабарлама таратуда

29

Интернет алаяқтар Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің атын жамылып, WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарлама таратып отыр. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram парақшасында жазып, тұрғындардан алаяқтың құрбаны болып қалмауды сұрады.

«Қазіргі таңда WhatsApp мессенджерінде менің атымнан хабарлама жіберіліп жатыр. Бұл жалған! Мұны интернет алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің әлеуметтік желіде тек екі ресми аккаунтым бар:

1. https://www.instagram.com/gabit_syzdykbekov?igsh=cjJzZW11bjFxb3Rz (инстаграм)

2. https://www.facebook.com/profile.php?id=61555816719894&mibextid=LQQJ4d (фейсбук)»,-делінген жазбада.

Сонымен қатар қала әкімі барлық хабарламаларды тек жеке телефонынан және ресми аккаунтынан жіберетінін атап өтті.

«Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!»,-деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

(Фото: instagram.com/gabit_syzdykbekov/Коллаж/Otyrar)