«Вор в законе» Бондо Стуруаға қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті

182
vlcsnap-2015-10-05-19h07m16s15_500x281
Бондо Стуруаға қатысты алғашқы сот тыңдауы

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта Бондо Стуруа лақап атымен танылған халықаралық ұрыға қатысты алғашқы тыңдау өтті. Сотқа төрағалық еткен Әбинұр Қарабаев Бондо Стуруа немесе қазақстандық Бонд есімімен белгілі болған күдіктіні аты шулы әккі адам деп есептейді. Оған еліміздегі қылмыстық ұйымға басшылық жасап, халықаралық қылмыстық серіктестерін қаржыландырған деген айып тағылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KMP61DUIeT8[/youtube]

vlcsnap-2015-10-05-19h05m40s42_500x281
«Вор в законе» Бондо Стуруа

Айыпталушы, Бондо Стуруа сот отырысына ақ жейде мен мінсіз қара костюмде келді. Осымен судья алдында 5-ші рет жауап беріп жатса да, еңсесін тіктеп ұстады. Ашық түрде өткен отырыс орыс тілінде жүргізілді. Екі жақтың міндеттері мен құқықтары түсіндірілген соң, прокурор күдіктіге қатысты айыптауды баян етті. Прокурордың айтуынша, Бондо Стуруа Қазақстандағы қылмыстық серіктестікке басшылық етіп, халықаралық қылмыстық бірлестікті қаржыландырып отырған. Онымен қоймай, еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан қылмыстық авторитеттерді осы ұйымға тартқан.
Бондо Стуруа 2014 жылдың 13 наурызында Мәскеуде қолға түскен болатын. Содан кейін оны  Қазақстанға жер аударып, Шымкенттегі тергеу изоляторына қамаған. 

vlcsnap-2015-10-05-19h06m47s221_500x281
сол жақта: «Вор в законе» Бондо Стуруа

Стуруа жазасын өтеу барысында түзеу мекемесінің шарттарына мойынсұнбай, сорақы тәртіппен бірнеше рет көзге түскен. Тексеру барысында, қалтасында рұқсат етілмеген заттарды  алып жүргені анықталды. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарды орындаудан бас тартқан.
Алайда, айыпталушы «тағылған айыппен келіспеймін» деп отырыста бой бермеді.
Осы уәжден соң судья бірден тараптарды қайта тергеуге кірісті. Сұрақ-жауап жаңадан өрбіді. Істің ақ-қарасын ажырату үшін келесі жолы түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер мен өзге де тұлғалар қайта сұралмақшы.

Мақсат Жақсыбаев