Хандықтың мерейтойы Тараз қаласында қорытындыланады

589
Асылхан Темірхан
Асылхан Темірхан
Асылхан Темірхан

Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне орай, киелі Сайрам жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Ошақты бабалар кешені мен Ханқорған қалашығынан ХV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тауып, оны жасақтау үшін қазынадан тағы 30 миллион теңге қаржы қаралыпты. Бұл жөнінде бүгін облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мәлімдеді. Айтуынша, хандардың билік құрған жерлеріндегі зерттеу жұмыстары әлі жыл бойы жалғасады. Және айтулы мерейтой қарсаңында, қазақ даналарының сөз маржандары топтастырылған «Ұлы дала өсиеті» атты кітап жарық көріпті. 3000 данамен басылған тарихи жинақтың құрастырушы редакторы, журналист — Қайырғали Медет. Бұған қоса, басқарма басшысылығы өңірімізге жүктелген 79 мәдени іс-шараның, 75-і жоғары деңгейде атап өтілгенін айтты. Және ертеңгі, 7-8-қазан күндері Тараз қаласындағы қорытынды шараға өңіріміздің 200-ден аса өнерпазы аттанып, мәдени іс шараға атсалысатынын да қуана жеткізді.

Асылхан Темірхан, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: «Тараз қаласындағы негізгі іс-шара 8-қазан күні өтетін болады. «Мәңгілік ел» тақырыбында ақындардың айтысы өтеді. Ғылыми-тәжірибелік конференция қолға алынбақ. Сосын Президент саябағында үлкен этно-ауыл құрылып, көптеген осы қазақтың тарихына арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Енді Оңтүстік Қазақстан облысынан бүгін 50 адам Таразға жол жүріп кетті. Бұл жасақтың құрамында ұйымдастырушылар,  25-ке жуық қолөнер шеберлері, мұражай қызметкерлері 100-ден астам экпонттарды алып аталған қалаға аттанды. 7-қазан күні көрмеге біздің өңірдің жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылатын болады».