«Жұлдыздарға қара» байқауының жеңімпаздары анықталды

319
Баян Есіркепова

Оңтүстікте мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсібін өрлетуге жол ашылды. Бүгін «Жұлдыздарға қара» байқауы мәресіне жетіп, грант иегерлері марапатталды. Жеңімпаздардың әрқайсысына  200 мың теңге көлемінде кәсібіне қажетті техникалық қондырғылар сатып алынды.

«Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпаздары

4 бірдей мүмкіндігі шектеулі азаматтың әрқайсысына 200 мың теңге көлемінде кәсібіне қажетті қондырғылар сатып әперілді.
Қайырымдылық сыйлығын еншілегендер сапында Баян Есіркепова да бар. I топ мүгедегі осыдан 8 жыл бұрын арбаға таңылған. Енді 58 жастағы әйел тігін қондырғыларын іздеп, сан-саққа сабылмайды, көршілерінен жалға да алмайтын болды. Себебі оның еңбегі мен бизнес жоспарын «Құс жолы» және «Даму» қоры қолдап отыр.

Баян Есіркепова
Баян Есіркепова

Баян Есіркепова,  «Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпазы: «Қуаныштымын, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Енді өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, оларды да жұмыспен қамтысам деймін. Жасымнан тігін тігемін, енді сол кәсіппен нәпақымды тауып отырмын. Тігіс тігетін қондырғыларым көбейген сайын, көмек адамдар алып, тапсырыстардың да көптеп түсетініне сенемін».

Еске салайық, «Жұлдыздарға қара жобасы» осыдан 10 жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлікке баулу үшін қолға алынған. Содан бері жобаға қатысуға 600-ге тарта адам өтініш білдіріпті. Оның 187-сі жеңімпаз ретінде танылып, гранттың иегері атанды. Ал биыл байқауға қатысуға 100-ден астам мүгедек ниет білдірген.

Майя Бердалиева , «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас маманы: «Байқауда қазылар алқасы ең алдымен бизнес жоспардағы кәсіптің болашағына мән берді. Мәселен, өнімнің тұтынушылары болады ма, клиенттердің саны қаншалықты көбеюі мүмкін. Және оның пайдасы қанша болмақ, айына қанша таза пайда түседі. Міне, осы мәселеге баса назар аудара отырып, үміткерлер арасынан жеңімпаздарды іріктеді»

техникалық қондырғылар
техникалық қондырғылар

«Даму» қоры басшылығың айтуынша, «Жұлдыздарға қара жобасының» келесі құжат қабылдау науқаны жыл соңына дейін жалғасады. Оған жасы 18-ден асқан мүмкіндігі шектеулі жандар бизнес жоспарын ұсына алады.