Мемлекеттік қызметшілер

Оңтүстікте «Отанға қызмет – абыройлы міндет» форумы аясында жас мемлекеттік қызметшілер үшін Кембридж университетімен телекөпір өтті. Іс-шараны облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Мемлекеттік қызметшілер

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бірінші институционалды реформасы негізінде жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, халыққа мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға арналған мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер

Форумға қатысушы жас мемлекеттік қызметшілер үшін Кембридж университетінің профессоры Лаймулин Чокан, Лондон экономикалық мектебінің магистрі, Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Ғ.Оспанқұлов және Санкт-Петербург қаласының парламент протоколының маманы Б.Ескендірова телекөпірдің тікелей желісі арқылы дәрістер оқыды.

Дәрістің негізгі тақырыптары мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құндылықтарын дамытуға арналды. Әсіресе профессор Лаймулин Чокан мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында аурумен емес, оның алдын алу, тәуекелдерін анықтау бойынша біршама мәселелерге көңіл аудару қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік қызметшілер

Лондон экономикалық мектебінің магистрі Ғ.Оспанқұлов шетел мен Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы негізгі ерекшіліктері туралы, қызметтік әдеп-этикалық қағидаттарды сақтау бойынша талаптырының айырмашылықтары туралы бірқатар мәліметтер келтірді.

Айта кету керек, қазіргі таңда облысымызда 8229 мемлекеттік қызметші бар. Оның ішінде 570 қызметші қайта даярлау курсынан өтсе, 853 маман біліктілін арттырған.