Қорғаншылық кеңесінің төрағасы сайланды

459

Қалалық қорғаншылық кеңесінің төрағасы сайланды. Кезекті жиынға келген ата-аналар мен педагогтар бұл орынға қалалық мәслихаттың депутаты Ермек Дарменшиевті тағы таңдады. Жиында бұдан бөлек мектеп оқушыларының бірегей формасы мен ұстаздардың біліктілігі сөз болды.

Мектеп директорлары мен мұғалімдердің қызметке қабылдануы және ел арасында желдей есіп жүрген жемқолық мәселесі де айтылды. Ата-аналар мен педагогтардың бірлесе жұмыс жасап, шкәрттердің білоім деңгейін көтеру үшін жаңа жоба түзілді.

Ермек Дәрменов, қалалық қорғаншылық кеңесінің төрағасы: «Қазіргі уақытта мектептегі директорларды тағайындау шараларына мен комиссияның мүшесі ретінде қатысып жатырмын. Онда ешқандай заңсыз әрекеттер орын алып жатқан жоқ. Жуырда бір мектеп директорлығына 3 бірдей азамат үмітті болды, бірақ комиссия олардың ешқайсысын бұл орынға лайық деп таппады. Міне, жемқорлықтың жойылуының дәлелі. Және мектеп оқушыларының да қымбат маркалы емес, кәнігі қарапайым ұялы телефондарды қолдануын қадағалауымыз керек. Сонда оқушылар арасында бай-кедей деген алалау болмайды».