«WhatsApp» қызметі

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған ұялы телефондағы «WhatsApp» қосымшасымен шаһар тұрғындарының өтініштеріне жауап беру әдісі оң жемісін беруде. Қалтафондағы аталған бағдарлама арқылы тұрғындар қала әкіміне арыз-шағымдарын тікелей жеткізіп, қанағаттандырарлық жауап алуда.

«WhatsApp» қызметіҚалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «WhatsApp» бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 7 қазаны мен 9 қарашасы аралығында жалпы саны 829 өтініш келіп түскен. Оның 567-сіне жауап берілсе, 262 өтініш шешілуде.

Айта кету керек, өтініштердің көбісі тазалық және абаттандыру жұмыстарына байланысты. Олардың саны – 169. Жауап берілгені 137 болса, 32-сіне тиісті сала мамандары жауап беруде.

Жол жөндеу және қазба жұмыстары туралы қала тұрғындарының 165 хат келіп түскен. 72 өтінішке сол сәтте жауап берілген. Мәселен, жаңа әкімшілік орталықа барар жолдағы жаяу жүргіншілер жолының бүлінген бөлігі осы «WhatsApp» қызметінің көмегімен қалпына келтірілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі