Қазақстанның қыздар құрамасы Шымкентте жаттығуда

550

Қазақстанның футболдан қыздар құрамасы Шымкентте жаттығуда. Оқу-жаттығу жиыны 17-23 қараша күндері өтеді. Қыздар Евро-2017 турниріне іріктеу аясында Уэльс құрамасымен кездеспек. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қыздар құрамасыБас жаттықтырушы Калоян Петков оқу-жаттығу жиынына мына спортшыларды шақырды:

Қақпашылар: Оксана Железняк, Александра Гребенюк, Алина Боброва (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»);

Қорғаушылар: Екатерина Красюкова, Юлия Мясникова, Вероника Корниенко, Мария Демидова, Агата Саттарова, Екатерина Бабшук, Айжан Омиртаева (барлығы — «БИІК-Қазығұрт») және Әйгерім Айтымова («СШВСМ-Барыс»);

Жартылай қорғаушылар: Ксения Хайрулина, Мадина Жанатаева, Адиля Вылданова, Карина Жұмабайқызы, Сәуле Карибаева (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»), Камила Құлмағамбетова, Екатерина Пяткина (екеуі де — «Көкше»), Жамиля Қайырбекова («Астана»), Бегайым Қырғызбаева («СШВСМ-Барыс»);

Шабуылшылар: Светлана Бортникова («БИІК-Қазығұрт), Мария Ялова («Кубаночка», Краснодар қ.).

Тренерлер штабы: Калоян Петков — бас бапкер, Айтпай Жамантаев — аға жаттықтырушы, Ильдар Шакиров — қақпашылардың жаттықтырушысы, Светлана Бейбітова — дәрігер, Георгий Леденцов — менеджер.

19 қараша күні қыздар құрамасы жолдастық кездесу өткізіп, 24 қараша күні Лондонға, лл жақтан Уэльстің Хаверфордуэст қаласына ұшып барады. Сол жерде Қазақстан мен Уэльс құрамалары жасыл алаңда кездеседі. Матч 26 қараша күні Астана уақыты бойынша 20:00-де жергілікті «Бридж Медоу» стадионында өтеді деп жоспарлануда, Арена 2000 көрерменге шақталған, деп жазады sports.kz.