Газ жарылысы

Шымкенттің маңындағы Ақжар ауылында төтенше жағдай болды. Газ ақауын қалпына келтіру қызметшілерінің салғырттық танытуы салдарынан жеке тұрғын үй жарылып кетті дейді тұрғындар. Соның кесірінен үй иесі ауыр жарақат алды.

Газ жарылысы

Ақжар ауылының тұрғындары әлі мазасыз. Олар баспанадағы қуатты жарылысқа газ ақауын қалпына келтіретін қызмет өкілдерін кінәлайды. Жергілікті жұрт сол бригада мүшереі құбырдан газ кетіп жатқаны жөнінде алдын ала хабардар болған дейді. Жауаптылар оқиға орнына барғанымен түк тындырған жоқ деп ашынады ауыл жұрты.

Беріктай Мұратбаев, зардап шеккен кісінің інісі: «Кешкі сағат 7-8-дер шамасында Молдағұлова көшесіндегі 12 үй, яғни ағамның үйінің жанындағы ШРП-ны кездейсоқ көлік соғып кетті. Газдың иісі, тіпті, көшеге де жайылды. Газ саласының жұмысшылары бір сағаттан кейін келді. Бәрін қарап шығып, ешқандай қауіп жоқ екенін айтты. Ағамды тыныштандырып, таңертең жөндейміз деді. Біз тарқап кеттік. Ал түнде екінші ағам телефон соғып, Бертайдың үйінде жарылыс болғанын айтты.

Өрт салдарынан үйдің 50 жастағы қожайыны зардап шегіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалды. Бұл уақытта тбасының басқа мүшелері үйде болмапты. Әйтпесе зардап шеккендерің саны әлдеқайда көп болатын еді дейді туыстары. Жарылыс болған жердегі жалынды сөндіруге өрт сөндірушілерден бөлек көршілері де көмектескен. Алайда, тесілген газ құбырынан тұтанған өрт өшпей қалып кетіпті.

Беріктай Мұратбаев, зардап шеккен кісінің інісі: «Өрт сөндірушілер газды өшірмей тұрып газ құбырындағы өртті отты сөндіруге болмайтынын айтты.»

Газ жарылысы

Төтенше жағдай орнына тағы газ таратушылар келді. Ақжарлық ағайындардың сөзінше, коммуналшылар ақауды жоюға жарты сағат жоғалтқан.

Шаризада Мұратбаева, зардап шеккен кісінің қарындасы: «Ағамның үйіндегі газ құрылғыларының барлығы да қалыпты жағдайда екені анық. Газ ШРП-дан өтті. Олар, тіпті, ағамның жағдайы қалай екенін, не болғанын да сұрамады. Қауіп туралы ескертпеді, газды жылыстаған күйі қалдырғаны тіпті ашуландырарлық жағдай.»

Жұмагүл Қозыбаева, көршісі: «Қазір ауылда газ жоқ. Біз, әрине, шыдаймыз. Көршіміз үшін уайымдаймыз. Тезірек сауығып кетсе екен. Мұндайға қалай жол беруге болады?»

Зардап шегушінің туыстары газ қызметінен келтірілген шығынды өтеп алуға бекініп отыр. Ақжарлықтардың барлығы да мұны әділетті шешім деп санайды. Ал газ таратушылар әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.