Арыс қаласында жыл басынан бері 25 көше орташа дәрежеде жөнделіп, 24,7 шақырым жол ел игілігіне берілді. Оның ішінде келер жылы аяқталуы тиіс 5 көше жаңартылып, кеңейді, жанына аяқжолдар салынған.
Сонымен қатар көшелер жарықтандырылып, суағарлар қойылуда. Айта кетейік, Арыс қаласында 173 көше бар. Келер жылы тағы 19 жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек Арыстағы облыстық маңызы бар Ақдала мен Дермене ауылдық округтері арасындағы Қожатоғай-Сарыкөл жолындағы екі көпір күрделі жөндеуден өтіп, біреуі пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін шешілмей келген Монтайтас ауылынан Сарыағаш ауданына баратын 35 шақырымдық автожолдың 25 шақырымы — теміржол үстінен өтетін аспа көпір де күрделі жөнделіп, халық игілігіне қызмет етуде.
Сонымен бірге қаладағы Қабылсай жырасындағы екі көпір мен Монтайтас ауылдық округіндегі бір өткел күрделі жөндеуден өтіп, Қабылсайдағы бір көпір пайдалануға берілді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі