Шымкент әуежайы

Жолаушылар Астана мен Алматыға жете алмай әлек болды. Шымкент әуежайынан жол тартпақ болған жолаушылар екі сағатқа кешігіп ұшты. «Эйр Астана» компаниясының тұтынушылары діттеген рейсін сағаттап тосуына тура келді. Әуежай қызметкерлері мұның себебін ауа райының қолайсыздығымен байланыстырып отыр.

Шымкент әуежайы
Шымкент әуежайы

Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, Алматыдан Шымкентке келіп қонған ұшақ кестеге сәйкес 10:00-де кері ұшып кетуі тиіс болған. Бірақ «Эйр Астананың» бас қаладан бағыт бері қарай бағыт алған ұшағы 59 жолаушымен әуеге тек сағат 12:40 та көтеріліпті. Мамандар мұны таңғы мезгілде әуежай маңы аздап тұманды болуымен байланыстаады.

Қасымбай Медеуов, Шымкент әуежайының өндірістік диспетчерлік қызметінің кешенді ауысым басшысы: «Біздің әуежайда ауа температурасының белгіленген көрсеткіші болады, оның көрсеткіші –  70м етр, ені – 900 метр. Содан кем болмау керек. Ал бізде таңертең бұл 60 метр болып тұрды. Сол үшін олар ұшуға шешім қабылдауға қақысы жоқ еді, кемінде 70 метр болуы керек. Ұшқыштар соны күтіп отырды. Соған екі сағат кешікті».

Ал «Қазгидромет» мамандары өңірімізде әлі тұманды ауа райы қайталатынын айтты. Бірақ, дәл бүгінгідей емес.

Мақсат Төлеңгітов, синоптик инженері: «Тұман негізі солтүстіктен келген суық ауа райының нәтижесінен пайда болып отыр. Алдағы екі күнде аздаған жаңбыр жауады, тұман сақталады. Бірақ, ұзаққа созылмайды және оның көрсеткіші анағұрлым төмен. Күн райы, ауа температурасы да қалыпты.»

Мамандар алда қалың қар күтілетінін дөп басып айта алмады. Сондықтан, бұл – жолаушылар қамсыз жолға шығуына мүмкіндіктері бар деген сөз. Дегенмен бір жеті бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясы тұтынушыларына күз бен қыс маусымында әуе бағыттарының 74 пайызға кешеуілдеп жететінін жеткізген болатын. Сондықтан, мұндай ұшақтың кешігу жағдайлары өзге өңірлерде, оның ішінде Өскемен, Орал және Қостанайдан Елоорданы бетке алу рейстерінде тіркеліп отыр.