базар сөрелеріндегі ойыншықтар

Балалар ойыншықтары олардың денсаулығына өте қауіпті. Әсіресе, базарларда сатылатын аталған бұйымдар ешқандай талапқа сай келмейді. Бұл туралы тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің мамандары мәлімдеп отыр.

базар сөрелеріндегі ойыншықтар
базар сөрелеріндегі ойыншықтар

Айтуларынша, сынаққа алған 61 түрлі ойыншықтың 16-сы сапасыз болып шыққан. Одан бөлек ойыншықтарды сақтау мен сату ережелері мүлдем сақталмайды екен.

Мамандар шекара асып келетін бала ермегінің көптеген талапқа сай келмейтінін айтады. Мүңкіген иістері мен ұқыпты жасалмаған пішіні бала денсаулығына кері әсер етеді. Осыдан барып жас жеткіншек ағзасында түрлі аллергия туып, соңы жараға айналып кетуі әбден мүмкін.

Ғалия Есімова, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіның бөлім басшысы: «Біз өзіміз сынамаларды сауда орындарынан сатып аламыз. Таңбаларын жіті тексеріп, эпидемиологиялық сараптамаға жібереміз. Заңда көрсетілген талаптардың барлығы тексеріледі.  61 сынаманың 16-сы талапқа сай емес. Бірақ олардың барлығы денсаулыққа зиян деген сөз емес. Бірінің таңбасы дұрыс болмаса, енді бірі дыбыс сәйкестігінен кенжелеп қалған «.