Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында WhatsApp жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Болат Жанәбіл хабарлады.
Енді басқарма мамандарына +7 707 530 06 01 нөмірі бойынша WhatsApp желісі арқылы хабарласуға болады. Кез келген адам облыстың білім беру саласындағы құқық бұзушылық және т.б. жағдайларға куә болған жағдайда дер кезінде хабарлама қалдыра алады.
Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мамандары өз кезегінде WhatsApp жүйесіне түскен хабарламаларды қадағалап, тиісті жұмыстар жүргізуге уәде беріп отыр.
Айта кету керек, бұған дейін Шымкент қалалық әкімдігінің қызметкерлері де WhatsApp қызметін пайдалана бастаған еді.