Биыл облыста егіс көлемі 770 мың гектардан асты

461
Полатбай Тастанов

Облыста ауыл шаруашылығы саласында қолданыстағы техникалардың жартысына жуығы тозығы жеткен. Жыл сайын жарамсыз құрал-жабдықтардың небәрі 3 пайызы ғана жаңартылып отырады. Бұл туралы ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Полатбай Тастанов мәлімдеді. Сала басшысы тілшілерді келер жылдың жоспарымен де таныстырды.

Полатбай ТастановБиыл облыста егіс көлемі 770 мың гектардан асты. Оның ішінде көкөніс 36 мың гектарға егіліп, 830 мың тоннадан астам өнім жиналды. Ал бақша өнімдері 62 мың гектарға егіліп, түсім 1 млн тоннадан асып түскен.

Саланы жаңа сатыға көтеру мақсатында биыл 900 ге жуық техника алыныпты. Айта кетейік, «Дамуә бағдарламасы қолға алынғалы өңірге 3 мың данадан астам су жаңа жеткізілген. Соңғы жылдары шаруарлар озың технология жетістіктерін де тиімді пайдаланып келеді. Нәтижеінде өңіріміздегі жылыжайлар көлемі мың гектардан асып жығылды.

Сондай-ақ, аграрлы өңірде «Сыбаға» «Алтын асық», «Құлан» барламалары да өз деңгейінде орындалып келеді. Биыл шаруалар ет, сүт өндіру межесін асыра орындады. 160 мың тоннадан аса ет, 605 мың тонна сүт өндірілген. Салада атқарылған осындай тындырымды тірліктердің таразылап болған соң Тастанов тілшілерді келер жылдың жоспарымен де таныстырды. Ә дегеннен алдағы екі жылда мақта алқабының 20 мың гектарға артатынын атап айтты.

Келер жылы облыста суармалы егіс көлемі де ұлғаяды. Қаржылық дағдарыс кезеңінде шаруарлар өздеріне тиесілі көмектерден де қол үзбейді. Полатбай Тастанов ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиялардың бір тиынға қысқармайтын айтып, қуантты.