Ерлан Айтаханов

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов Шымкенттегі зейнетақы төлеу орталықтарының жұмысымен танысты. Алдымен Әл Фараби аудандық орталықта болған Ерлан Қуанышұлы операция залындағы жұмыс барысын қадағалады.

Ерлан Айтаханов

Сондай-ақ ақпараттық бөлім мен мұрағатта болды. Айта кетейік, бүгінде зейнетақы төлеу орталықтарында 9 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, операция залында клиенттердің әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалауына арнайған қондырғылар да орнатылған.

Ерлан Айтаханов

Автоматтандырылған жүйе арқылы мамандардың қызмет көрсету деңгейі бақыланып отырады. Әлеуметтік қызметкерлері осылайша саладағы қызмет көрсету сапасы жаңа сатыға көтереміз деп отыр.