2020 жылға дейін қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 73-ке жеткізу көзделіп отыр. Мұндай мақсат «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
Өңірімізге іс-сапармен келген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осы саланы дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаны таныстырды. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы — «Саламатты Қазақстанның» жүйелі жалғасы.
Айта кетейік, жаңа жылдан бастап денсаулық саласы қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға дейін өседі. Ведомство басшысының айтуынша, еңбекақыдағы айырмашылық қызметкерлердің біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай бірнеше топқа бөлінген.