Оңтүстік оқушылары президенттік олимпиадада бақ сынады. Төрт пәндік білім сайысы қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатында өтті. Биылғы олимпиадаға облыстағы дарын мектептерінен жалпы саны 62 оқушы қатысқан.
Олимпиада жаратылыстану пәндері бағытында өтті. Яғни физика, математика, химия биология пәндерін жетік меңгерген шәкірттердің білім деңгейін анықталды. Аталмыш білім сайысының ерекшелігі — бір оқушы бір мезгілде 4 пәннен емтихан тапсырды.
Әбдухалил Ешім — президенттік олимпиада бағын сынап жатқандардың бірі. Ол Сарыағаш ауданындағы дарынды балаларға арналған мектекте оқиды. Алтын белгіден үміткер түлек берілген тапсырмалар қиын болғанын айтады. Десе де уақытты тиімді пайдаланғанын айтып отыр.
Әбдухалил Ешім, олимпиадаға қатысушы: «Тапсырмалар қиын болды. Дегенмен, барлығын мектеп қабырғасында оқығанбыз. Мен осы білім сайысына қатысқаныма еш өкінбеймін, себебі мен мұнда жаңа достар тауып, білім деңгейімді кеңейттім. Басты мақсатым — 1-орын иеленіп, Астанада өтетін олимпиадаға жолдама жеңіп алу.»
Сайыс қорытындысы бойынша Астанада өтетін білім додасына бес бірдей оқушы жолдама жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бес үздік ең бірінші болып Президенттік олимпиаданың алғашқы іріктеуіне қатысады. Содан оза шапқаны ғана Оңтүстіктің намысын қорғайды.