Полицейлер

Облыстық ішкі істер департаментінің екі қызметкері Ресейде әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Жарыс 15-25 қараша аралығында Медынь қаласында өтті.

Әмбебап жекпе-жек спорттың әскери құрылымдық түрі болып табылады. Спортшылар кедергіден өту, ату, пышақ лақтыру және 4 раундтан тұратын әртүрлі күрес түрлерінен бақ сынасады. Чемпионат барысында 16 мемлекеттің спортшылары қатысты: Қазақстан, Ресей, Сербия, Чехия, Белоруссия, Эквадор, Әзірбайжан, Украина, Австрия және т. б. елдер.

Полицейлер

Полицейлер

95 келі салмақтағы ОҚО ІІД жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Олжас Жалтаев бірінші айналымда және жартылай финалда Ресейдің спортшыларымен басым түсті. Ал финалда ресейлік Х.Магомедовпен бақ сынасып, әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.

Полицейлер

Полицейлер

Ал Қаратау полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Нұрсұлтан Утелбаев 75 келі салмақта тартысқа түсіп, жартылай финалда Әзірбайжан елінің спортшысымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола медалін қанжығасына байлады.