Облыста 300-ге жуық мемлекеттік қызмет бос

185
Мемлекеттік қызмет жөніндегі брифинг

Облыста 300-ге жуық мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Маман тапшылығы, әсіресе Мақтаарал, Сарыағаш, Бәйдібек сияқты шалғай аудандарда байқалады.

Мемлекеттік қызмет жөніндегі брифингБұл туралы «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды талқылауға арналған брифингте мәлім болды. Салаға жауаптылар мұндай жағдайды ауыл-аймақтардағы жұмыс орындарына деген қызығушылықтың бәсеңдігімен байланыстырады.

Сондай-ақ, үміткрелерге қойылатын талаптың күшейтілгені де маман тапшылығына себеп болып отыр. Себебі, бос орынға бірнеше рет конкурс ұйымдастырылғанымен, үміткерлердің білімі мен біліктілігі қызметке сай келе бермейді. Ресми деректерге сүйенсек, талапкерлердің 35 пайызы ғана сыннан сүрінбей өтеді екен.