Полицейдің жағасына жармасқандар мен қызмет бабын асырғандар жазаланды

273
Полицейлер рейді

Шымкентте «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу рейдтері жалғасуда. 10 қараша күні кешкі сағат 20:00-05:00 аралығында Әл Фараби ауданы аумағында өткен тексеру кезінде 51 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. 7 автокөлік айыптұрағына тоғытылды. 10 жүргізушісіне заң тұрғысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлер рейді

 

Әл Фараби аудандық жол-патрульдік полициясының қызметкерлері Д.Қонаев даңғылы бойындағы тексеру барысында қызметтік бабын асыра пайдаланған инспекторларға және мемлекеттік қызметтегі таныстарынан көмек сұрағандар қатаң қадағалауға алынып, тәртіпке бағынбағаны үшін хаттама толтырылды, айыппұл салынды.

Тіпті, Т.Рысқұлов даңғылы бойында бір азамат тәртіп сақшыларына қарсылық танытып, жағасына жармасты. Нәтижесінде тәртіп бұзған азаматтың жеке басы анықталып, тиісті әкімшілік жазаға тартылды.

Полицейлер рейді

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сай жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу рейді алдағы уақытта да жалғасады. Түні бойы жол күзету шарасының мақсаты—құқық қорғау саласы қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін қалыптастыру, сол арқылы қоғамдық ортадағы заң бұзушылықты азайту болып табылады.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі