9 қараша күні таңертең Шымкенттің Сайрам көшесіндегі нысандардың бірінде алапат өрт болды. Таңғы сағат 7-де кезекшілерге осындай хабар келіп түскен. Онда сол көшенің бойындағы дәмхана қызыл жалынға оранған. Тілсіз жау, тіпті, көрші нысандарға да лап беріпті.
Оқиға орнына 5 арнайы техника мен 35 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қызыл жалын көпшілік тамақтану орны саналатын үш бірдей баспананың күлін көкке ұшырды. Абырой болғанда адам шығын жоқ дейді мамандар.