Бизнесін дөңгелете алмай тақырға отырған компаниялардың дені кезінде ұжым мүддесінен өз пайдасын жоғары қойғандар. Бұл — Шымкенттегі корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің халықаралық стандарттары талқыланған семинарға жиналғандардың пікірі.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, жергілікті кәсіпкерлерлің дені халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, салық төлеп отырғанын әлеуметтік жауапкершілік деп санайды. Алайда, бұл ұғым іскерлер ойлағаннан әлдеқайда кең.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік — кәсіпкердің ұжым мүддесімен санаса отырып, тұтынушылар мен қызметкерлер алдындaғы жауапкершілікті сезінуі дейді сарапшылар. Сондықтан кәсіпкерлер белсенді түрде ұжымның қызығушылығын арттыруы тиіс, одан табыс молая түспесе, азаймайды.