Шымкент қаласындағы Бекетті көшесінің тұрғыны Еркебұлан Сыздықов мұнда асфальт жолдың төселмегенін, Қошқарата өзенінің бастауы қалдық сумен ластанып, қоқыстың шашылып жататынына шағым айтты. Оның сөзінше Бекетті көшесінің бойындағы үйлердің құжаттары осыдан бес жыл бұрын жиналып алынған. Сондықтан тұрғындар үйлерін сата алмайды. Көшіп кетуге жағдайлары келмейді. Бекетті көшесі бұрын «Привокзальная» деп аталған.
Еркебұлан Сыздықов, Бекетті көшесінің тұрғыны
Осы орайда Бекетті көшесінің тұрғыны Еркебұлан Сыздықовтың шағымын видеоға жазып, айтқанына дәлел ретінде түсірілген фотосуреттерді жарияладық.
[youtube]https://youtu.be/rAdAZoBpktU[/youtube]
Қошқарата өзенінің бастауы
Лас су жоғарыдағы үйлердің арасынан ағып келедіӨзен бастауына құйыладыЛас су жаяулар жолына шығып кеткенҚалдық су өзен бастауына құйылып жатырТұрмыстық қалдық су араласқан бұлақ суыДәретханаДәретхана орналасқан жерден басталатын лас судың жылғасыТыйым салынған аймақТыйым салынған аймақБелгісіз құбырдан аққан су араласқан өзен суыҚұбырдан аққан суҚұбыр суымен араласып, түсінің мөлдірлігін жоғалтқан суСу алуға келген тұрғындарЖоғары жағынан лас су ағып түсетін бастаудан су алған тұрғындарҮйіне су алып бара жатқан жергілікті тұрғын
Бекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жолБекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жолдың бойындағы кәріз қақпағы. Осы көшенің тұрғыны Еркебұлан Сыздықовтың айтуынша, күн ыстық кезде бұ жермен өту мүмкін емес болып қалады. Өйткені, кәріз қақпағынан өте нашар иіс шығадыБекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жол бойындағы кәріз қақпағы. Еркебұлан Сыздықовтың айтуынша, жаз кезінде бұл кәріз аузынан өте нашар мүңкіген иіс шығады.Бекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жолға орнатылған баспалдақБекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жол бойымен ағатын су Қошқарата өзенінің бастауына құйыладыБекетті көшесінен Қошқарата өзеніне алып баратын жолға орналасқан баспалдақ. Осы көше тұрғыны, Еркебұлан Сыздықовтың айтуынша, баспалдақты тұрғындар өз күштерімен салған. Бұл үшін әр үйден 500 теңге жиналыпты.Қошқарата өзенінің бастауына қойылған жәшік
[youtube]https://youtu.be/TvgwiT1GW2s[/youtube]
Шымкенттегі Бекетті көшесінің бойындағы шашылып жатқан қоқыс пен бос тұрған қоқыс жәшіктеріШымкенттегі Бекетті көшесінің бойындағы қоқыс жәшіктеріКөшеге қоқыс тастамауын ескерткен жазуШымкенттегі Бекетті көшесінің бойындағы шашылып жатқан қоқыс пен бос тұрған қоқыс жәшіктеріШымкенттегі Бекетті көшесінің бойындағы шашылып жатқан қоқыс пен бос тұрған қоқыс жәшіктері
[youtube]https://youtu.be/q9oc3buhvhM[/youtube]
Бекетті көшесінің тұрғыны
Еркебұлан Сыздықовтың шағымын видеоға жазып алған және