Шымкент туризм орталығына айналады

1026
"Шырайлы Шымкент - 2015" көрмесі

«Шымкент туризм орталығына айналады.» «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде өткен «Шырайлы Шымкент — 2015» туристік жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай дейді.

"Шырайлы Шымкент - 2015" көрмесі

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкент—Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қала. Ертеде мұнда түрлі мәдениеттер тоғысқан. Бүгінде Батыс Европа-Батыс Қытай көлік дәлізі біздің өңір арқылы өтуде. Азия мен Европаны жалғап жатқан бұл құрлықтық көлік дәлізінің Шымқаламыз үшін экономикалық пайдасы мол. Сондықтан, қаламыздың туристік әлеуетін арттыру үшін біздің туристік кәсіпорындарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет.»

Бұл ауқымды шараға Шымкеттегі 7 туристік фирма, 5 қонақ үйі, 36 қолөнер шебері қатысты. Осы көрме арқылы Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге өңіріміздің ең үздік кәсіпорындары мен олардың сапалы өнімдері таңдап алынбақ.

Қаламыздың белгілі кәсіпорындары мен қолөнер шеберлерінің өнімдерін таныстырған шараның мақсаты қаланың ішкі туризмін дамыту және шеттен инвестрлер мен туристтер тарту болып табылады.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі