Шымкент жастары футболдан студенттер лигасында жеңіске жетті

297
Студенттер футболы

Шымкенттегі Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің командасы ұлттық студенттер лигасының (ҰСЛ) екінші маусымында чемпион атанды. Бұл туралы ҰСЛ баспасөз қызметі хабарлайды. Чемпионаттың «Көктем-Күз 2015» деп аталатын финалдық бөлігі Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өтті.

Бірінші жартылай финалдық кездесуде Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Арлан» және Қарағанды экономикалық университетінің «Қазтұтынуодағы» командалары кездесті. Екі жақ та негізгі және қосымша уақытта доп соға алмай, ойын соңындағы пенальтиге жүгінді.

Студенттер футболы

6 метрлік пенальтиде қарағандылықтардың жолы болып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын «Қазтұтынуодағы» командасының капитаны Александр Макарычев соқты.

Екінші жартылай финалдық матчта  Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің «Достық» және Алматыдағы Каспий жалпы университетінің Caspian University командалары кездесті. Аса тартысты өткен кездесу де тең аяқталуға жақын қалған. Дегенмен, Шымкенттің студенттері қарсыластар қақпасына соңғы 5 минутта 2 гол соғып, жеңісті тартып алды.

Үшінші орынға таласта Caspian University футболшылары ойын барысында «арландықтар» 0:2 есебімен ұтылып тұрып, кезедсу соңында 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Студенттер футболы

Ал ұлттық студенттер лигасының басты ойынында «Достық» командасы «Қазтұтынуодағы» командасынан 5:1 есебімен айқын басым түсті. Сөйтіп, маусым чемпионы атанды.

Студенттер футболы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай марапатталды. Бұған қоса чемпиондарға мадридтік Реал клубының ойыншсы Криштиану Роналдудың қолтаңбасы бар УЕФА ресми добы тарту етілді.

Студенттер футболы

Айта кету керек, 2015 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық студенттер құрамасы жасақталып, 2016 жылдың сәуірінде өтетін Азия чемпионатына, ал жазда Бразилияда болатын Әлем чемпионатына қатысады.

 Дереккөз: vesti.kz                                                                                                                 Фото: ҰСЛ баспасөз қызметі