Шымкентке неміс делегациясы келді

199
Неміс делегациясы

Шымкент қаласының әкімі Германиядан келген делегацияны қабылдады. Ален қаласының басшысы және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы жетекшісі Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауында болды.

Неміс делегациясы

Арнайы қабылдау барысында қос тараптың өкілдері неміс тілінде еркін пікір алмасып, екі ел арасындағы бірлескен іс-шаралар жобасы мен өзара ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Шымкентте қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған муниципальды полиция қызметін жасақтау тақырыбы да сөз болды. Өз кезегінде Ғабидолла Рахматоллаұлы екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас ахуалын жоғары бағалап, жергілікті өзін-өзі басқару саласында ұйымдастырылған семинарға арнайы келгені үшін шетелдік өкілдерге алғыс айтты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі – shymkent.gov.kz