Шымкентте Президент күні тойланып жатыр

401
Марапаттау

Тұңғыш Президентіміздің күні қарсаңында шаһарамыздың дамып-өркендеуіне еңбегі сіңген қызметкерлер құрметке бөленді. Оның ішінде еңбек ардагерлері мен педагогтар және жазушылар бар. Зиялы қауым да марапаттан шет қалмады. Шараны ұйымдастырған Әл Фараби аудандық әкімдігінің өкілдері жаңа жолдау әлеуметтің әлеуетін арттырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тұстарды сөз етті.

Марат Тәжібаев, Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Қазір бізде әлеуметтік салаларға көп көңіл бөлініп жатыр. Одан бөлек ірі ғана емес, шағын бизнесті дамытуға жаңа жобалар қолға алынуда. Және біздің мақсат — экономикасы дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі бүгінгі жолдауында бұған дейін біз ірі кәсіпорындардың көтерілуіне үлес қосқанбыз, көмектескенбіз, енді олар мемлекетке қол ұшын беруі керек. Яғни жұмыссыздарды жұмыспен қамтуы міндетті деді.»

435

Әл Фараби аудандық әкімдігі мамандарының айтуынша, тұңғыш Президент күніне орайластырылған шаралар мұнымен шектелмейді. 1 желтоқсан күні түрлі мерекелік кештер ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Ал аудандағы демеушілер балалар үйін аралап, сый-тарту үлестіретін болады.