Шымкентте тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

590
Көрме

Қараша айының 25-26 күндері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «AgroProm Shymkent — 2015» тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығының халықаралық көрмесі өтеді деп күтілуде. Ұйымдастырушы — ОҚО әкімдігі

КөрмеАуыл шаруашылығы техникасы және жабдығы, жылыжайлар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бағбаншылық, FOOD – азық-түлік, сусындар, жабдық және қаптама және HORECA — ас үй және сауда жабдығы және сауданы автоматтандыру сынды бөлімдерден тұратын халықаралық іс-шараға қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатыстырылып, өңірге шетелдік инвестицияны тарту, елдегі кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін кеңейту көзделіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға көрмедегі жабдықталған 9 шаршы метр алаңды тегін ұсынбақ. «AgroProm Shymkent – 2015» көрмесін өткізуге біздің өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы республикада ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің үлестік өнімінің көлемі бойынша көшбасшы орынды алып отыр.

Көрмеге келемін деушілерге есік ашық.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі