Шымкентте жылуға қосылмақ түгілі сығымдау жұмыстары жүргізілмеген екі жүзге жуық үй бар. Шаһардағы 1762 көп қабатты үйдің тек 1427-сі жылуға толық қосылған. Ал қалғандары түрлі кедергілерге тап болыпты.
Шымкенттегі жылу беру маусымы 26 қазан күні басталған. Содан бері барлық мемлекетік мекемелер жылумен қамтылған еді. Ал көп қабатты үйлердің 1427-і жылуды кедергісіз алып отырса, қалған 335-іне жылу берілмепті. Қалалық тұрғын,үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров олардың жылусыз отырған себептерін атады.
Мәлік Әбдінұров, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:» Қалған үйлер бойынша бірнеше проблема бар. Оның ішінде үйлердің ішкі жүйелері жарылған. Соның ішінде «Күншығыс» шағынауданындағы №113,7, 67, Жібек жолы бойынша №56, 34, сондай-ақ 16-шағынаудандағы № 44,6,16 үйлер бойынша жүйеде кедергі бар. Жүйелер бойынша ақау жұмыстары мұнымен бітпейді. Байтұрсынов көшесіндегі № 19 үйдегі жүйеде де проблема. «Отырар» шағынауданы №13 үйде де мәселе бар».
Айтпақшы, кейбір үй төрағалары жылудың беру уақытын өздері қолдан созып отырған көрінеді. Мұны жылу ақысының қымбаттауымен байланыстырғандар ең соңғы болып жылумен қамтуды сұраныпты. №11 үй әдейі жылу алмай отыр екен. Ал ендігі бір бөлігі кімнен қалай көмек сұраудың жолын білмей, дайындық жүргізе алмай отырғандардан құралады. Тұрғындардың жайбасарлығына қарамастан 10 қарашаға дейін Шымкенттегі барлық көп қабатты үй жылумен қамтылуы тиіс дейді мамандар.
Ал қазір жылыту мерзімін ендігі аптада аяқтауды көздеп отырған коммуналдық қызмет өкілдері күні-түні демалыссыз жұмыс жасап отырғандарын тілге тиек етті. Айтуларынша, әр аудан әкімдігінде шұғыл желі жұмыс жасайды. Әрбір тұрғын өз үйінің жылуға қосылу кестесін біле алады. Сондай-ақ, құбырыңыз жарылып, жылуыңыз сапасыз болса, 53-00-15 сымтетігіне хабарласуыңызға болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KWYezPv8kMo[/youtube]
Ал облыстың өзге аудан-қалаларында жылуға қосылу 4 қараша күні аяқталады. Кентау қаласындаєы 327 үйдің бақандай 77-сіндегі жұрт бүрсең қағып отыр. Түркістан, Арыс қалаларында барлық көп қабатты үй тұрғындары жылу алуда.
Сондай-ақ, Сарыағаш, Созақ, Отырар, Төле би, Түлкібас аудандарында орталық қазандықтан жылу алатын үйлерге жылу беріліп үлгерілген.