Тәртіп сақшыларының назарына іліккен баланың туыстары табылды

238
Баланың әжесі

Шымкентте туысының үйінде жүріп, прокурорлардың назарына іліккен баланың туыстары табылды. Бұл туралы БАҚ-та жарияланғаннан кейін Шымкент қалалық Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімнің 51 жастағы әжесімен жолықты.

Баланың әжесі

Әжесі баланы үй шаруасына көмектесу үшін мүгедек әпкесіне өзі жібергенін айтып, жасөспірімнің туу туралы куәлігін көрсеткен. Ал баланың анасы қазіргі таңда құжаттар даярлау үшін Өзбекстанда жүргені анықталды.

Аталған жайт негізінде ҚР ҚК 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.