Шымкенттік еріктілер қарашаның суығы мен жауын-шашынына қарамай игі бастаманы қолға алды. Бұл жолы жастар халыққа қызмет көрсету орталығы маңына арнайы барып, ондағы аумақты абанттандыруға атсалысты. Жасыл желекті шаһарға ағаш көшеттерін отырғызды. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша, игі шара — мекемеге келген көпіт ғана емес, аумақтан арлы-берлі өткен жамағатқа да үлгі болмақ.
Татьяна Нагаева, «Жасыл қала «акциясының ұйымдастырушысы: «Біз емен, қайың, үйеңкі сынды ағаштарды егіп жатырмыз. Жасыл қаланың көркі еселеуі үшін, күл-қоқыстан арылуы үшін мұндай акциялар ауадай қажет. «Таза қаланың болашағы» жарқын болады. Сондықтан, бастама алдағы уақытта жалғасын табады».
Айта өтейік, шарапаты мол шара аясында аталған аумаққа 50 түп көшет отырғызылды. Игі бастаманы бұл жолы «Посади дерево.КЗ» қоғамдық бірлестігі қолға алып отыр. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, ағаш көшеттерін сатып алуға қазынадан қаржы бөлінбеген. Жаздыгүні өздері ұйымдастырған қайырымдылық шарасынан жинақталыпты.