Қазығұрт асуы
Қазығұрт асуы

Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық. Бір жылдан астам уақыт жүрген құрылыс жұмыстары аяқталып, Қазығұрт асуындағы жол пайдалануға берілді. Қақаған қыста жолаушыларды тығырыққа тіреп келген жолда қауіп сейілген деп сендіреді құрылысшылар.

Қазығұрт асуы
Қазығұрт асуы

Мұндағы құрылыс жұмыстары 1,5 жылға созылды. 400-ге тарта жұмысшы екі ауысымда жұмыс жасап, 100-ге тарта техника жұмылдырылды.

Осылайша 101 шақырымдық Шымкент-Ташкент бағытындағы жолдың 37 шақырымы жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұйыртса, осыған дейін қауіпті болып келген Қазығұрт асуынан енді қысы-жазы қиындықсыз қатынауға болады.

Жүргізушілер мұнда қақаған қыста тұман басып, жол қозғалысы қиындап кететін дейді. Көктайғақ темір тұлпар тізгіндегендерді тығырыққа тіреп, жол апатының жиілеуіне себеп болып келген. Құрылысшылар жолды қауіпсіздендіру мақсатында асудың биіктігін жоспардағыдан екі есе тереңдеттік дейді. Алдымен 30 сантиметрге тас төселіп, 35 сантиметрге бетон құйылған.

Жалпы, Шымкент-Ташкент бағытындағы жолдың құрылысы 2017 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 100 шақырымнан асатын бұл жобаға үш шетелдік компания қатысып отыр. 2016 жылдан бастап құрылысшылар Қазығұрт асуының екінші бағытын жөндеуге кіріседі. Нысан маусым айында пайдалануға беріледі дейді мердігерлер.