Қала тұрғындары мен полицейлер адасқан оқушыға көмек көрсетті

240
Адасқан оқушы

Полицейлер Шымкент қаласында қараусыз жүрген жасөспірімді туысқандарына табыстады. Кешкі уақытта, сағат 19:00 шамасында Әл Фараби алаңында орналасқан полиция бекетіне қала тұрғыны 12 жасар баланы алып келді. Олар тәртіп сақшыларына жеткіншекті қала көшелерінің бірінде жалғыз жүрген жерінен байқағанын айтқан.

Адасқан оқушы

Полицейлер баладан сұрау барысында оның Шымкент қаласындағы Қазығұрт ауданында тұратынын және облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқитынын анықтады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатымен жол-патрульдік полиция қызметкерлері жасөспірімді Әл Фараби полиция бөліміне жеткізді.

Одан әрі жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін полиция тобының мамандары жасөсіпірімді туысқандарына табыстады. Олармен жас баланың тәрбиесіне немқұрайлы қараудың салдары және жеткіншектерге абай болу керегі туралы түсіндірілді.