Гүлден әсем көйлек киіп, жапырақтардан сәнді жейде тігуге болады. Қолдан келсе, экологиялық таза өнімдерден дәмі тіл үйірер түрлі тағамдар, салаттар мен тәтті бәліш және тоқаш пісіруге болады. Мұның бәрін Шымкенттегі №17 мектептің оқушылары үйретпек.
Жасөспірімдер табиғат сыйын тиімді пайдаланудың жолдарын меңгеріп, өзгелерге үлгі көрсетті. Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көрмеге қойып, көпшілікті таңқалдырды. Іс-шараның соңы концертке ұласып, оқушылар флэшмоб билеп, бірнеше спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Ата-аналарымызға, оқушыларымызға отандық өнімді пайдалану жайлы, жастарымыздың бойына оны қалыптастыру, осында жайылған тағамдардың экалогиялық таза өнім екенін түсіндіру және отандық өнім шығаратын кәсіпкерлерімізді қолдау мақсатында осы көрмені жасадық.»