Балаларға базарлық

Шымкентте 200-ге жуық бала қаланың көрікті жерлерін аралауға мүмкіндік алды. Бұл облыстың барлық аудандарынан жиналған мектеп оқушыларына жасалған жаңа жылдық тартуы болатын.

Балаларға базарлық

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққандар мен жартылай жетім және жетім балалар экскурсияны таңертең тәуелсіздік саябағынан бастады. Ондағы рәміздер алаңын, монументтерді тамашалап, естелікке суретке түсті. Мұнда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрігерлер де жүр.

Балаларға базарлық

Сонымен қатар жеткіншектер Аяз атамен танысып, өздеріне жаңа жылдық түрлі маскалар жасап алды. Одан кейін Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалының батырлар кешеніне саяхаттап, алған әсерлерімен бөлісті.

Балаларға базарлық

Айта өтейік, жеткіншектер кешке дейін қаламыздың өзге де көрікті орындарын аралап, мультфильм тамашалайтын болады. Ал ертең облыс орталығында өтетін президенттік шыршаға қатысады деп жоспарлануда.

Балаларға базарлық