«Дүние түріктерінің маршы» алғаш рет Шымкентте шырқалды

1060
хор ұжымы

«Дүние түріктерінің маршы» алғаш рет Шымкентте орындалды. Түркия мемлекетінің өкілдері тарихи сәтті көріп, тұщымды туындыны тыңдау үшін елімізге арнайы келді.

Тегі бір түркі әлеміне тиесілі патриоттық шығарманың авторы — «Физули» атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, ақын Құрал Көмек. Ал әнін Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нұр Даутов жазған. Шетелдік қаламгерлердің қатысуымен өткен тұсаукесер тойда көпшілік «Жастар жанашыры» атап кеткен жазушының тағы 2 бірдей жинағы қалың оқырманға жол тартты.

хор ұжымы
Туындыны хор ұжымы шырқады

3

«Дүние түріктерінің» маршы алғаш қазақ тілінде, Шымкентің сахнасында орындалды. Тарихи сәтті қалт жібермеуге тырысқан Түркия қаламгелері мен зиялы қауым өкілдері шараға арнайы шақырылған. Талай соқпақта сүрінбеген түркі елдерінің рухы көрініс тапқан шығармаға деген құрмет пен сенім, туындыға деген алғашқы пікір де осы сахна төрінде айтылды.

«Дүние түріктерінің маршын» қазақ қаламгері Құрал көмек сөзбен суреттеген, ал әнінің авторы Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы Нұр Даутов. 400-ге жуық ән жазып, есімі әлемге әйгілі болған сазгер мәтін таңдауда қателеспегенін айтып қуанды.

Нұр Даутов, Башқұртстан композиторлар одағының төрағасы: «Қазір маршты тыңдадым. Керемет әсердемін. Туынды «Дүние түріктерінің маршы» деп аталғандықтан, мәтінді іздеу оңайға түспеді. Биыл сәуір айында ғаламтор беттерін парақтап отырып, қазақстандық ақын Құрал Көмектің өлеңін оқыдым. Әсерлі, түркі әлемінің бар қасиетін әлемге мәшһүр ететін шығарма деп, бірден таңдап алдым.»

Патриоттық шығарманың тұсаукесер тойында ақын Құрал Көмектің тағы екі кітабы қалың оқырманға жол тартты. «Сенім жеңісі » атты қазақ және түрік тілінде басылған жинақта Түркиядағы тарихы талай ғасырға тән Шанаққала шайқасы, жеңіс таңы өлеңмен өрілген. Ал «Баба рухы — Гольфстрим ағысы» кітабына соңғы жылдары жазылған жыр жолдары еніп отыр.

Құрал Көмек
Құрал Көмек

Құрал Көмек, ақын: «Гольфстрим деген — географиялық ұғыммен айтсақ, жылы ағыс қой. Соған қарап, жырларым жүрекке жылы тисін деген оймен, бір жағы сонау ғұн тайпалары тарихында, көк түріктерден жалғасып келе жатқан ерліктер, шежірелер кешегі желтоқсан оқиғасымен астасады. Осыны жырмен жеткіздім, еңбектерімнің ерекшелігі осы дер едім».

Ақын, халықаралық сыйлықтың лауреаты Құрал Көмектің жаңа екі жинағы мен «Дүние түріктерінің маршы» шығарамасы жазылған топтаманы енді жергілікті оқырмандар да оқи алады. Кітап жергілікті кітапханаларға үлестірілген.