Оқушылардың өзін өзі басқаруы тың тәжірибе емес. Тек ұстаздан да асырып сабақ бере алатын оқушылардың барын мойындау керек. Олардың идеясын тәжірибеге енгізсек, бала жүрегіне жолды тез табамыз. Сонда ғана өзгерістерді жатырқамай қабылдай аламыз.
Бұл — қаладағы №86 мектеп базасында өтіп жатқан облыстық семинарға қатысушы мұғалімдердің пікірі. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында жиналған оқытушылар бағалау әдістерін тиімді қолдану арқылы табысты нәтижелерге қол жеткізудің жолын талқылауда. Семинарға қатысушы оқытушылар өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған. Оларға түрлі іс-тәжірибе төңірегінде тақырыптық сабақтар өткізіледі, біліктілігін жетілдіруге жол көрсетіледі