Мектеп оқушыларына жаңа жылдық мерекені кафелер мен мейрамханаларда тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің бас маманы Әшірбек Абытұлы Адеев редакциямыздың тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
26 -31 желтоқсан аралығында білім бөлімі мен ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы рейдтер ұйымдастырылады. Мұндай тексерулер мереке күндері орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға бағытталып отыр дейді бас маман. Сонымен қатар ата-аналар да ұл-қыздарын қадағалауға алса екен деген тілегін жеткізді.