Мүлікті жария ету қарқыны бойынша Оңтүстік республика көлемінде бесінші орында. Науқан барысында құны 32 млрд теңгеден асып жығылатын мүлік пен бағалы қағаздар, нысандар заңдастыруға өтініш келіп түскен.
Осылайша Елбасының тапсырмасын орындауда алдына жан салмайтындарға жеңілдік жарияланса, барын тығып қалғандарды қатаң жаза күтіп тұр. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстіктегі филиалында өңірдің бас қаржыгерінің орынбасары есеп берді. Жария етуден түскен қаржы әлеуеттің әлеуметін көтеруге жұмсалатынын мәлімдеді.
Мүлікті жария ету науқаны былтырдан бері жүзеге асып келеді. Содан бері барын заңдастырып, тыққан қаржысын елге жария етіп жатқандар көп. Әсіресе, жекешелендіру жеке тұрғын үй секторының иелеріне оңтайлы болып тұр. Елде бесінші орында келе жатқан күнгейліктер коммерциялық емес ұйымдарға дейін меншіктеп жатыр. Осы уақытқа дейін 32 млрд теңгеден аса құнды дүниелер жария ету өтініш келіп түскен. Әсіресе, Шымкент, Сарыағаш қалаларының тұрғындары науқанды тиімді пайдалануда.
Исмаилбек Шалабаев, ОҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары: «Осы келіп түскен өтініштен 2385 өтініш бойынша құны 20 млрд 547 млн теңгені құрайтын мүлік заңдастырылған. Комиссия шешіміне сәйкес 389 өтініш кері қайтарылды. Құны 7 млрд 989 млн теңгені құрайтын мүлік бойынша 730 өтініш комиссиялардың қарауында жатыр.»
Елбасы жария ету процесін жеңілдету және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудаламауға кепілдік беретін мүлікті жария ету туралы заңға өзгерістер енгізді. Мұнысын науқанға қатысушы әр азаамтқа жасаған жеңілдігім деп түсіндірді. Өзінің биылғы халыққа жолдауында да байлығын «тығып» отырған миллиардерлерді мүліктерін заңдастыруға қайта-қайта шақырды. Бар ақшаларын шетелге тықпай, Қазақстанға әкеліп жариялап заңдастыруға, яғни, елге табыс әкеліп, халыққа жұмыс беріп, ал өздеріне тыныш ұйықтауға кеңес берді. Байларға қатысты мүлікті заңдастыруға кезекті жолдауында қайта-қайта тоқталған мемлекет басшысы елге ақшасын әкелгендерді құзырлы органдар қудаламайтынын да ескертіп өтті.
Халықты науқанға белсенді қатысуға шақырған қаржы басқармасы басшысының орынбасары өз тәжірибесімен де бөлісті. Жария ету арқылы мемлекетке қыруар қаржы түсетінін айтты. Ал ол халықтың әлеуетін көтеруге едәуір септігін тигізеді.
Еске салайық, мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Осы уақыт аралығында барыңызды шығарып, заңдастырып алуға кеңес береді. Айтпақшы, науқан біте сала кез келген азамат декларация тапсырады. Онда кірісіңіз бен қатар шығысыңыз да тиындап есептеледі. Яғни, әр артық дүниенің сұрауы келетін күн жақын.
[youtube]https://youtu.be/k3wVSRGxckI[/youtube]