Полицейлер «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясын өткізді

627
«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясын ұйымдастырды. Бұл іс-шара халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай өтті.

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін көшелерде реттелетін қиылыстардың көше-жол жүйесінің техникалық және эксплуатациялық жайын, медициналық мекемелердің, сауда орталықтарының, вокзал, әуежайлар мен басқа халық көп жүретін жерлерде тұрақтау орындарының жеткілікті жабдықталуын тексерді.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Акцияның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол қозғалысына қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Акцияны өткізуге денсаулық сақтау және білім басқармасының, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және «Қызыл жарты ай» қоғамының, Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі ұйымының қоғамдық өкілдері, сонымен қатар қаладағы №5 орта мектептің жол қозғалысының жас инспекторлары атсалысты.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

№1 мектеп-интернатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған семинар өтті. Сұрақ-жауап түрінде өткен семинарда балаларға жол жүру ережелері түсіндіріліп, жолда жүру қауіпсіздігі жайлы бейнероликтер көрсетілді. Ал жол қозғалысының жас инспекторлары балаларға жол қозғалысы туралы шағын көрініс көрсетіп, содан соң «Бағдаршам жайлы» әнін шырқады.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Ал полиция қызметкерлері балаларды көшеге алып шығып, сол маңдағы жаяу жүргіншілер жолағында жол қозғалысының қауіпсіздігі жайлы сабақтар өтті. Акцияны ұйымдастырушылар тарапынан әр балаға қараңғы жерде жанып тұратын білезіктер, жылы киімдер, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері туралы буклеттер үлестірілді.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Статистика мәліметтері бойынша 2015 жылдың 11 айында облысының аумағында балалардың қатысымен 505  жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 49 бала мерт болды. 531 бала түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы

Айта кетейік, БҰҰ бас ассамблеясы 1992 жылы 47-сессиясында қабылдаған арнайы резолюциясында 3 желтоқсанды халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күні деп жариялап, барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды бұл күнді бірлесе өткізуге шақырған.