Сайрам тұрғыны көкнәрмен ұсталды

411
Көкнәрмен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 47 жастағы азаматтан көкнәр есірткі затын тәркіледі. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданында жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында өзінің жеке үйінде есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен 1968 жылы туған жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Көкнәрмен ұсталды

Полицейлер күдіктінің жеке басын тінту барысында қалтасынан бір қағаз орамадан өсімдік тектес есірткі заты тауып алды. Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде табылған заттың жалпы салмағы 3 гр көкнәр екенін анықталды.

Көкнәр

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасмалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.