Шымкентте 50 мың теңгеге сауда жасап, автокөлікке ие болу мүмкіндігі бар. Жаңа жыл қарсаңында мұндай мүмкіндікті «Эврика» сауда желісі өз тұтынушыларына жасап отыр. Бағалы сыйлықтарға  кез келген адам қол жеткізе алады.

Ол үшін 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін дүкендер желісінде кемінде 50 мың теңгеге сауда жасауы тиіс. Компания өкілдері, осылайша, тұрақты сатып алушыларын үнемі қуантып отыруды дәстүрге айналдырмақ.

Сондай сатып алушылардың су жаңа автокөліктің иесі атанамын деп ойламаса керек. Серік Ысқақов үйіне қажеттітауарын сатып алып, ұтыс ойыны туралы ұмытып та кеткенін айтады. Алайда ойламаған жерден компания қызметкерлері хабарласып, жеңімпаз атанғанын айтқанда, қуанышы қойнына сыймапты. Осылайша бір мезетте жап-жаңа темір тұлпардың иесі атанып шыға келді.

Сонымен, алғашқы ұтыс ойынының жеңімпаздары белгілі. Енді «Эврика» компаниясы 2015 жылдың 26 желтоқсаны мен 2016 жылдың 23 қаңтары аралығында екі ұтыс ойынын өткізбек. Жүлдеге бағалы дүниелер мен екі бірдей автокөлік тігіліп отыр.