Шымкентте дағдарысқа қарсы форум өтті

252
"Ырыс алды - ынтымақ" форумы

Қазақстан саяси-экономикасы дамыған 30 елдің қатарын еңсеріп, дағдарысты жеңуге қадам басты. Бұл жөнінде «Ырыс алды -ынтымақ» қоғамдық форумында айтылды. «Жаңа жолдау — жаһандық жаңа жағжайға жауап» тақырыбы аясында өрбіген шараға жергілікті билік өкілдері мен зиялы қауым, этно-мәдени орталық басшылары және өзге де саланың мамандары шақырылған.

"Ырыс алды - ынтымақ" форумы
«Ырыс алды — ынтымақ» форумы

vlcsnap-2015-12-11-20h55m45s217

Белсенді жастар да басқосудың төрінен табылды. Айтулы форумды халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт жүргізді. Елді ынтымақ пен бірлікке шақыратын шарада қатысушылар Елбасының дағдарысқа қарсы ұсынған жолдау-құжаттарын насихаттауды да ұмыт қалдырмады.

Акабай Құдайқұлов
Акабай Құдайқұлов

Акабай Құдайқұлов, облыстық тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы: «Дағдарысты жеңу үшін Президентіміз, ең алдымен, еңбек ету керек екенін алға тартты, екіншіден, жастарға патриоттық тәрбие беріп, халқымыздың ауызбіршілігін арттыру маңызды екенін шарт  деп айтты. Сондықтан, кемеңгер саясаткердің жолдауын меңгеріп, оны көппен бірге орындау баршамыздың міндетіміз деп білемін.»

Форумға қатысқан белсенді топ енді Елбасының халыққа жолдаған ұтымды бағдарламаларын жаттап, оны өңіріміздің өзге де аудан-қалаларында өтетін шараларда насихаттауды қолға алмақ. Бұл мақсатта тек түсіндіру жұмыстары ғана жүргізілмейді, ақпараттандыру кітаптарын шығаруды да жоспарлап отыр.